18 қараша күні Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының дәрігер психиатр-наркологы С.К. Каюпов О. Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжінің студенттерімен «Психикалық денсаулық және нашақорлық – қазіргі қоғамның өзекті мәселесі» тақырыбында кеңейтілген ақпараттық кездесу өткізді.

Шараның мақсаты – жастар арасында психикалық денсаулықтың маңызын түсіндіру, тәуелділікке апаратын негізгі қауіп факторларын кеңінен ашу және алдын алу мәдениетін қалыптастыру.

Кездесу барысында дәрігер жасөспірімдер мен жастарда жиі байқалатын күйзеліс, эмоционалдық шаршау, мінез-құлық өзгерістері, сондай-ақ психоактивті заттарға тәуелділіктің алғашқы белгілері туралы жан-жақты ақпарат берді. Тәуелділіктің жеке тұлғаға, отбасына және қоғамға тигізетін әлеуметтік, медициналық және психологиялық зардаптары нақты мысалдармен түсіндірілді.

Диалогтық форматта өткен шарада студенттер маманға еркін түрде сұрақтарын қойып, кәсіби кеңес алды. Жастар арасында өзара қолдау, дұрыс орта қалыптастыру, қажет болған жағдайда уақытында маманға жүгінудің маңызы ерекше атап өтілді.

Кездесуге барлығы 42 студент қатысты.

«Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК

Кдрсихов Елдос Ерсайнұлы