2025 жылғы 4 қыркүйекте ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 2 шілдедегі №419 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 4 шілдедегі №170 бірлескен бұйрығына сәйкес Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының мамандары Атырау облысының штаттан тыс суицидологы В.Е.Карсакбаева, психолог маманы Н.С. Ерекешованың қатысуымен Атырау Болашақ көпсалалы колледжінде «Суицидтік мінез -құлық белгілері бар кәмелетке толмағандарды анықтаудын және олармен әрі қарай жұмыс істеудін бірынғай алгоритмін, сондай – ақ суицидке әрекет жасаған балаларға көмек көрсету бойынша мемлекеттік органдардың іс – қимыл алгоритмін бекіту туралы» педагогтар мен психологтар және мейіргер мамандар арасында «Суицидтің алдын алу» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында Колледждің педагогтарымен, психологтарымен және мейіргер мамандармен «Жасыл дәліз» жобасының қалай жұмыс істейтінін және жасөспірімдердің суицидтік ойлар немесе дағдарыстық жағдай байқалғанда қолданылатын алгоритмді егжей-тегжейлі түсіндірді. Мұндай кездесулер білім және денсаулық сақтау саласы мамандарының бірлесіп әрекет етуіне, жасөспірімдерге уақытылы көмек көрсетуіне және жастар үшін қауіпсіз әрі қолдаушы орта қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қатысушылар сұрақтар қойып, нақты жағдайлармен бөлісіп өз тәжірибелерімен алмасты.
