28 қараша күні Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 5546 әскери бөлімінің жеке құрамының қызметкерлерімен Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының психо-әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі А.Б.Гимиранова және психолог маманы В.Е.Карсакбаеваның қатысуымен «Суицидтің белгілері» тақырыбында дәріс өткізді.
Кездесу барысында орталықтың мамандары жасөспірімдермен жастарда жиі байқалатын күйзеліс,эмоционалдық шаршау,мінез-құлық өзгерістері туралы ақпарат берді.
Қатысушылар кездесуге белсенді қатысып, қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді. Дәріске 60 әскери бөлімінің қызметкерлері қатысты.
#психикалықденсаулықкүні
#нашақорлыққажолжоқ
#Салауатты_өмір_салтын_ұстанамыз
#денсаулық
#денісауұрпақ
#спорт






