✅Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығында «Суицидтік мінез -құлық белгілері бар кәмелетке толмағандарды анықтаудын және олармен әрі қарай жұмыс істеудін бірынғай алгоритмін,сондай – ақ суицидке әрекет жасаған балаға көмек көрсету бойынша мемлекеттік органдардың іс – қимыл алгоритмін бекіту туралы» 2025 жылғы 3 қыркүйекте ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 2 шілдедегі №419 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 4 шілдедегі №170 бірлескен бұйрығына сәйкес қалалық және аудандық емханалардың психологтарымен дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге
✅ Атырау облыстык психикалық денесаулық орталығының психиатрия қызметі жөніндегі орынбасары Д.Т.Қожантаев, психо- әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі А.Б.Гимиранова,Атырау облысының штаттан тыс суицидологы В.Е.Карсакбаева, психологиялық қолдау орталығының директоры Ш.К.Тукенова қатысып, баяндама жасады. Іс-шараның негізгі мәселесі кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтің алдын алу және кәмелетке толмағандардың суицидтік мінез-құлқын анықтау және онымен одан әрі жұмыс істеу жөніндегі бірыңғай алгоритм бекіту.
✅Кездесу барысында ерекше назар «Жасыл дәліз» алгоритміне аударылды. Бұл жүйе – қиын жағдайға тап болған оқушыларға шұғыл психологиялық көмек көрсетуге бағытталған. Мұғалімдер мен мамандар осы жүйе арқылы баланың жағдайын дер кезінде байқап, арнайы мекемеге жіберуіне мүмкіндік алады. Қатысушылар сұрақтар қойып,өз тәжірибелерімен бөлісті.


