2025 жылғы 9 қыркүйекте ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 2 шілдедегі №419 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 4 шілдедегі №170 бірлескен бұйрығы негізінде №27 И.Тайманов атындағы орта мектебінде Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының психолог маманы В.Е.Карсакбаеваның қатысуымен «Суицидтік мінез -құлық белгілері бар кәмелетке толмағандарды анықтаудын және олармен әрі қарай жұмыс істеудін бірынғай алгоритмін, сондай – ақ суицидке әрекет жасаған балаларға көмек көрсету бойынша мемлекеттік органдардың іс – қимыл алгоритмін бекіту туралы» педагогтар мен психологтар және мейіргер мамандар арасында «Кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбында семинар – тренинг өткізілді. Семинар — тренингте педагогтарымен, психологтарымен және мейіргер мамандармен «Жасыл дәліз» жобасының қалай жұмыс істейтінін және жасөспірімдердің суицидтік ойлар немесе дағдарыстық жағдай байқалғанда қолданылатын алгоритмді егжей-тегжейлі түсіндірді.
🔹 Семинар – тренингтің мақсаты – ұстаздардың психологиялық сауаттылығын арттыру, оқушылардың психикалық денсаулығын сақтау, қиын жағдайлардың алдын алу жолдарын түсіндіріп, мұндай кездесулер білім және денсаулық сақтау саласы мамандарының бірлесіп әрекет етуіне, жасөспірімдерге уақытылы көмек көрсетуіне және жастар үшін қауіпсіз әрі қолдаушы орта қалыптастыруға мүмкіндік беретіндігін түсіндіру. Іс -шараға қатысушылар сұрақтар қойып, нақты жағдайлармен бөлісіп өз тәжірибелерімен алмасты.


