2025 жылғы 4 қарашада Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Атырау облысы бойынша Экология департаментінің қызметкерлеріне Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының дәрігер нарколог Т.А.Есенгельдиннің қатысумен «Темекінің зияны туралы» тақырыбында дәріс өткізіліп, дәріске 15-тен аса қызметкер қатыстырылды.
Кездесу барысында темекі мен есірткі түрлері, олардың құрамы туралы, оған тәуелділіктің себептері, ағзаға тигізетін кері әсерлері және одан туындайтын ауру түрлері бойынша ақпарат беріліп, сонымен қатар қазіргі уақытта жастар арсындағы көп қолданылатын электронды темекілер туралы және күрделі тақырыптың бірі лудомания бойынша ақпараттар айтылды. Дәріске қатысушы қызметкерлер қызушылық танытып, көкейтесті сұрақтарын қойып, туындаған сұрақтарына тұжырымды жауаптар берілді.


