📌📌📌2025 жылғы 7 қарашада Атырау облыстық психикалық денсаулық орталықтың дәрігерлерімен Жалпы білім беретін №22 Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінде жоғарғы сынып оқушыларының ата –аналарына «Жасөспірімдер арасындағы орын алған суицид фактілерінің алдын алу» тақырыбында кездесу өткізілді.
📌📌📌Кедесуге Орталықтың психо-әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі Гимиранова Акат Бурибаевна және дәрігер психиатры Қайролла Саягул Қайроллақызы қатысып, кедесуге 50 — ден аса ата-аналар қатысты.
📌📌📌Кездесудің басты мақсаты ата – аналарға оқушылардың салауатты өмір салтын ұстануға бейімділігін арттыруды және түсіндіру.
📌📌📌 Ата – аналар тарапынан бірнеше сұрақтар қойылып, қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.



