1 желтоқсанда Атырау қаласы М. Бекмұхамбетов атындағы жалпы орта мектебі оқушылырның ата – аналарымен Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының психолог маманы Н.А.Асланбекова «Жасөспірімдердегі аутодеструктивті мінез — құлықты алдын алу» тақырыбында дәріс өткізді.
Кездесу барысында жасөспірімдердің психологиялық жағдайын бақылау, олардың эмоциялық әл-ауқатын қолдау жолдары, аутодеструктивті мінез-құлықтың ерте белгілерін тану және алдын алу тәсілдері түсіндірілді.

Ата-аналарға пайдалы ақпарат беріліп, мамандар олардың сұрақтарына жауап берді.
Ата-аналар өз тәжірибелерімен бөлісіп, маңызды сұрақтарға жауап алды.
Жасөспірімдердің қауіпсіздігі мен психологиялық саулығын қамтамасыз ету — ортақ міндет. Кездесуге 30 аса ата- ана қатысты.
#психикалықденсаулықорталығы
#психологиялыққолдауорталығы
#Қалалықбілімбөлімі
#суицидтіңалдыналу #суицидтікмінезқұлықтыңалдыналу

«Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК

Кдрсихов Елдос Ерсайнұлы