1 желтоқсан күні Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының дәрігер психиатр-наркологы С.К. Каюпов С. Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжінің студенттерімен «ЖИТС және нашақорлық дертінің алдын алу» тақырыбында кеңейтілген ақпараттық кездесу өткізді.
Шараның мақсаты: Жастар арасында ЖИТС (СПИД) және нашақорлық дерттерінің алдын алу, олардың зиянды салдарын түсіндіру арқылы салауатты өмір салтын насихаттау.
Шара барысында:
ЖИТС пен нашақорлықтың адам ағзасына, қоғамға келтіретін зияны туралы мағлұматтар беріліп, алдын алу жолдары мен қорғану тәсілдері түсіндірілді.
Кездесу барысында студенттер маманға еркін түрде сұрақтарын қойып, кәсіби кеңес алды. Жастар арасында өзара қолдау, дұрыс орта қалыптастыру, қажет болған жағдайда уақытында маманға жүгінудің маңызы ерекше атап өтілді.
Кездесуге барлығы 82- ден астам студент қатысты.




