Конфликтология тұрғысынан қиын өмірлік жағдайдан шығу жолдары

📌 2026 жылдың 24 шілдеде Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамының қызметкерлерімен Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының психолог маманы Г.С.Қуанғалиева «Конфликтология тұрғысынан қиын өмірлік жағдайдан шығу жолдары» тақырыбында кездесу өткізді.📌 Кездесу барысында психолог маманы қызметкерлерге конфликтологиялық көзқарас пен психологиялық тұрақтылық кез келген дағдарыстың соңы жаңа бастамаға жол ашатынын көрсетеді. Әрбір еңсерілген қиындық тұлғаны шыңдап, оны өмірдің кез келген тосынсыйларына төзімді етіп қалыптастырады. Бастысы – үмітті үзбей, алға ұмтылып, өз өміріңіздің авторы екеніңізді әрдайым есте сақтау қажет екенін түсіндірді.✅Қызметкерлер тарапынан бірнеше сұрақтар қойылып, қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.Кездесуге 60 адам қатысты. #Салауаттыөмірсалтын_ұстанамыз #нашақорлыққақарсымыз #нашақорлыққажолжоқ #Салауаттыөмірсалтын_ұстанамыз #денсаулық #денісауұрпақ #спорт #балақауіпсіздігі #ПсихологиялықҚолдау #ЖастарДенсаулығы #ПсихикалықДенсаулық #ПсихологКеңесі #ОтбасыТәрбиесі #заңментәртіп

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінің мүмкіндіктері мен артықшылықтары

2026 жылғы 16 шілде күні Жалпы БПДО-лар бойынша тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында азаматтарға медициналық көмекті алу тәртібі, дәрілік заттармен қамтамасыз етілу мәселелері, емханаға тіркелу жолдары, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінің мүмкіндіктері мен артықшылықтары туралы түсіндірілді.Сонымен қатар, бейінді мамандардың қабылдауына жолдама алу, қажетті зертханалық және диагностикалық тексерулерден өту, емдеу және медициналық оңалту шараларын ұйымдастыру, стационарлық емдеуге жолдама беру тәртібі жөнінде толық ақпарат берілді. Тұрғындардың сұрақтарына жауап беріліп, медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары

Тәуелділіксіз Атырау

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында желілік кестеге сай маусым айына жоспарланған «Тәуелділіксіз Атырау» әлеуметтік жобасы аясында шаралар өткізілді.Атырау қаласындағы Жайық жағалауының Еуропа бөлігінде, атап айтқанда Жастар саябағында кешкі 17.00-22.00 аралығында жастардың бос уақытын саналы түрде салауатты өмір салтына бағыттауға және денсаулыққа бағдарланған құндылықтарды қалыптастыруға арналған кешкі бағдарлама өтті. Қамтылғандар саны-198. Бағдарлама аясында синтетикалық есірткілерді қолданудың салдарын ашып көрсететін кең уқымды ақпараттық – ағарту жұмыстары жүргізіледі, буклеттер мен парақшалар таратылды. Аудиторияны тарту мақсатында сазды бағдарламалар (жанды дауыста ән айту) жүргізілді. Таратылған ақпараттық бетпешелер саны – 211

«Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК

Кдрсихов Елдос Ерсайнұлы