Дөңгелек үстел

Дөңгелек үстел

2025 жылдың 28 қарашасында Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығында Атырау облысы Полиция департаментіне қарасты Қоғамдық Қауісіздік Бөлімдері және Есірткі бизнесіне қарсы іс қимыл басқармасының өкілі, Атырау қаласы полиция басқармасының Атырау қаласы, №1, № 2 ҚПБ-нің учаскелік полиция тобының аға инспекторлары, облыстық психикалық денсаулық орталығының және аудандық психикалық денсаулық кабинеттері дәрігерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Жиынды Орталық директорының наркология қызметі бойынша орынбасары Ж.К.Мухлисов ашты. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Орталықтың Медициналық аналитикалық талдау бөлімінің меңгерушісі С.В.Страмоусова баяндама жасады. Жиында Қазақстан Республикасының халқына психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы №ҚР ДСМ- 224/2020 бұйрығына сәйкес, наркологиялық есепте тұрған адамдарға динамикалық бақылауды жүзеге асыру, Алкогольді және басқа да психоактивті заттарды (есірткі) асыра пайдаланатын, әлеуметтік қауіпті әрекеттерді жасауға бейім, қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаларды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-203/2020 бұйрығына сәйкес динамикалық бақылауға алу нормаларын қолдану кезінде жол берілетін кемшіліктерді талқыланды. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 4 қарашадағы № 135 бұйрығымен «Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынумен байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар науқастарға қатысты психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымға (мәжбүрлеп емдеу бөлімшелеріне) жолдама беру қолданылмайтын адамдардағы медициналық қарсы көрсетілімдердің тізімінің» шығуына байланысты облыстың Полиция департаменті қызметкерлеріне түсіндіріліп, ақпарат берілді.

«ЖИТС және нашақорлық дертінің алдын алу»

«ЖИТС және нашақорлық дертінің алдын алу»

1 желтоқсан күні Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының дәрігер психиатр-наркологы С.К. Каюпов С. Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжінің студенттерімен «ЖИТС және нашақорлық дертінің алдын алу» тақырыбында кеңейтілген ақпараттық кездесу өткізді. Шараның мақсаты: Жастар арасында ЖИТС (СПИД) және нашақорлық дерттерінің алдын алу, олардың зиянды салдарын түсіндіру арқылы салауатты өмір салтын насихаттау. Шара барысында: ЖИТС пен нашақорлықтың адам ағзасына, қоғамға келтіретін зияны туралы мағлұматтар беріліп, алдын алу жолдары мен қорғану тәсілдері түсіндірілді. Кездесу барысында студенттер маманға еркін түрде сұрақтарын қойып, кәсіби кеңес алды. Жастар арасында өзара қолдау, дұрыс орта қалыптастыру, қажет болған жағдайда уақытында маманға жүгінудің маңызы ерекше атап өтілді. Кездесуге барлығы 82- ден астам студент қатысты.

«Суицидтің белгілері»

«Суицидтің белгілері»

28 қараша күні Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 5546 әскери бөлімінің жеке құрамының қызметкерлерімен Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының психо-әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі А.Б.Гимиранова және психолог маманы В.Е.Карсакбаеваның қатысуымен «Суицидтің белгілері» тақырыбында дәріс өткізді. Кездесу барысында орталықтың мамандары жасөспірімдермен жастарда жиі байқалатын күйзеліс,эмоционалдық шаршау,мінез-құлық өзгерістері туралы ақпарат берді. Қатысушылар кездесуге белсенді қатысып, қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді. Дәріске 60 әскери бөлімінің қызметкерлері қатысты. #психикалықденсаулықкүні #нашақорлыққажолжоқ #Салауатты_өмір_салтын_ұстанамыз #денсаулық #денісауұрпақ #спорт

«Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу жане ерте анықтау»

«Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу жане ерте анықтау»

2025 жылғы 27 қарашада Атырау қаласы білім бөлімінің “Кешкі мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқушылардың ата -аналарымен Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының дәрігер психиатры Ә.М.Аманжолқызы және психолог маманы А.Д. Ойлбай «Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу жане ерте анықтау» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу барысында ата-аналардын психологиялық, сауаттылығын арттыру, қауіпті мінез- құлықтың алдын алу жане уақытылы қолдау көрсетудің маңызы тусіндіріліп, мамандар жасеспірімдер арасындағы аутодеструктивті мінез-кулықтың себептері, оны ерте анықтау жолдары, ата-ананың ролі, қауіп белгілері және алдын алу тәсілдері туралы кең көлемде ақпарат берді. Кездесуге барлығы 20 ата-ана белсене қатысып, өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, өз ұсыныстарын білдірді.  

«Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу жане ерте анықтау»

«Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу жане ерте анықтау»

2025 жылғы 27 қарашада Т.Амандосов атындағы орта мектептің студенттердің ата – аналарымен Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының дәрігер — психиатры Л.Ю.Бенц «Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу жане ерте анықтау» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу барысында ата-аналардын психологиялық, сауаттылығын арттыру, қауіпті мінез- құлықтың алдын алу жане уақытылы қолдау көрсетудің маңызы тусіндіріліп, мамандар жасеспірімдер арасындағы аутодеструктивті мінез-кулықтың себептері, оны ерте анықтау жолдары, ата-ананың ролі, қауіп белгілері және алдын алу тәсілдері туралы кең көлемде ақпарат берді. Кездесуге барлығы 18 ата-ана белсене қатысып, өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, өз ұсыныстарын білдірді. #ПсихологиялықҚолдау #ЖастарДенсаулығы #СамғаОрталығы #ПсихикалықДенсаулық #ПсихологКеңесі #БалаларҚауіпсіздігі #ОтбасыТәрбиесі #ЖасөспірімПсихологиясы

«Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК

Кдрсихов Елдос Ерсайнұлы