«Психикалық денсаулық және нашақорлық – қазіргі қоғамның өзекті мәселесі»

«Психикалық денсаулық және нашақорлық – қазіргі қоғамның өзекті мәселесі»

18 қараша күні Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының дәрігер психиатр-наркологы С.К. Каюпов О. Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжінің студенттерімен «Психикалық денсаулық және нашақорлық – қазіргі қоғамның өзекті мәселесі» тақырыбында кеңейтілген ақпараттық кездесу өткізді. Шараның мақсаты – жастар арасында психикалық денсаулықтың маңызын түсіндіру, тәуелділікке апаратын негізгі қауіп факторларын кеңінен ашу және алдын алу мәдениетін қалыптастыру. Кездесу барысында дәрігер жасөспірімдер мен жастарда жиі байқалатын күйзеліс, эмоционалдық шаршау, мінез-құлық өзгерістері, сондай-ақ психоактивті заттарға тәуелділіктің алғашқы белгілері туралы жан-жақты ақпарат берді. Тәуелділіктің жеке тұлғаға, отбасына және қоғамға тигізетін әлеуметтік, медициналық және психологиялық зардаптары нақты мысалдармен түсіндірілді. Диалогтық форматта өткен шарада студенттер маманға еркін түрде сұрақтарын қойып, кәсіби кеңес алды. Жастар арасында өзара қолдау, дұрыс орта қалыптастыру, қажет болған жағдайда уақытында маманға жүгінудің маңызы ерекше атап өтілді. Кездесуге барлығы 42 студент қатысты.

Пробация қызметтерімен бірлескен кеңесі

Пробация қызметтерімен бірлескен кеңесі

2025жылғы 12 қарашада ІІМ ҚАЖ Комитеті Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп әзірленген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы үкімдерді орындау және пробация қызметтерінің есебінде тұрған адамдарды медициналық бақылау бойынша медициналық ұйымдармен өзара іс- қимыл алгоритмін жасақтау мақсатында Пробация қызметтерімен бірлескен кеңесі өткізілді. Кеңесте өзара іс — қимыл алгоритмінің жасақталуы төңірендегі барлық туындаған мәселелер талқыланып,ұсыныстар әзірлеу бойынша шаралар қабылданды.

«Бала қауіпсіздігі – басты назарда»

«Бала қауіпсіздігі – басты назарда»

✅2025 жылғы 12 қарашада Атырау қаласы білім бөлімінің «Жалпы білім беретін №9 Ш.Уалиханов атындағы орта мектептің» ата-аналарымен Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының психо-әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі Гимиранова Акат Бурибаевна және психолог маманы В.Е.Карсакбаева «Бала қауіпсіздігі – басты назарда» тақырыбында дәріс өткізіліп, ата –аналардың қойылған сұрақтарына тиісті жауаптар берілді. Дәріске 40 -тан аса ата- аналар қатысты. ✅ Балалардың қауіпсіздігі — басты назарда! #балақауіпсіздігі

«Жасөспірімдер арасындағы орын алған суицид фактілерінің алдын алу»

«Жасөспірімдер арасындағы орын алған суицид фактілерінің алдын алу»

📌📌📌2025 жылғы 7 қарашада Атырау облыстық психикалық денсаулық орталықтың дәрігерлерімен Жалпы білім беретін №22 Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінде жоғарғы сынып оқушыларының ата –аналарына «Жасөспірімдер арасындағы орын алған суицид фактілерінің алдын алу» тақырыбында кездесу өткізілді. 📌📌📌Кедесуге Орталықтың психо-әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі Гимиранова Акат Бурибаевна және дәрігер психиатры Қайролла Саягул Қайроллақызы қатысып, кедесуге 50 — ден аса ата-аналар қатысты. 📌📌📌Кездесудің басты мақсаты ата – аналарға оқушылардың салауатты өмір салтын ұстануға бейімділігін арттыруды және түсіндіру. 📌📌📌 Ата – аналар тарапынан бірнеше сұрақтар қойылып, қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.

«Темекінің зияны туралы»

«Темекінің зияны туралы»

2025 жылғы 4 қарашада Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Атырау облысы бойынша Экология департаментінің қызметкерлеріне Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының дәрігер нарколог Т.А.Есенгельдиннің қатысумен «Темекінің зияны туралы» тақырыбында дәріс өткізіліп, дәріске 15-тен аса қызметкер қатыстырылды. Кездесу барысында темекі мен есірткі түрлері, олардың құрамы туралы, оған тәуелділіктің себептері, ағзаға тигізетін кері әсерлері және одан туындайтын ауру түрлері бойынша ақпарат беріліп, сонымен қатар қазіргі уақытта жастар арсындағы көп қолданылатын электронды темекілер туралы және күрделі тақырыптың бірі лудомания бойынша ақпараттар айтылды. Дәріске қатысушы қызметкерлер қызушылық танытып, көкейтесті сұрақтарын қойып, туындаған сұрақтарына тұжырымды жауаптар берілді.

«Суицитік мінез-құлықтың, нашақорлық пен алкогольге бейімділіктің алдын алу, құмар ойындарға (лудомания) қарсы күрес»

«Суицитік мінез-құлықтың, нашақорлық пен алкогольге бейімділіктің алдын алу, құмар ойындарға (лудомания) қарсы күрес»

📌📌📌2025 жылғы 30 қазанда Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы арасында Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының психоәлеуметтік көмек көрсету бөлімінің меңгерушісіА.Б. Гимиранова және дәрігер психиатр Л.Г.Уралбекованың қатысуымен «Суицитік мінез-құлықтың, нашақорлық пен алкогольге бейімділіктің алдын алу, құмар ойындарға (лудомания) қарсы күрес» тақырыбында кездесу өткізіліп, кездесуге 100 аса қызметкер қатыстырылды. 📌📌📌Кездесудің басты мақсаты – жастарды салауатты өмір салтын ұстануға бейімділігін арттыру, спортпен шұғылдануға ынталандыру. 📌📌📌Кездесу барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптарын алды.

«Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК

Кдрсихов Елдос Ерсайнұлы