
«25 қазан — Республика күні»
«25 қазан — Республика күні» мерекесі қарсаңында Облыс әкімінің қатысумен мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жарлығымен марапаттар табысталып оның ішінде , медицина саласының дамуына қосқан үлесі, қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайтуға сіңірген еңбегі, жоғары кәсіби біліктілігі мен мінсіз қызметі үшін «Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын директорының медицина сапасын бақылау жөніндегі орынбасары Нұрмұханов Қуаныш Құлбайұлы«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Әріптесіміз, ұлағатты ұстаз Нұрмұханов Қуаныш Құлбайұлын «Ерен еңбегі үшін» медалі иегері атанумен ұжым атынан шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасына амандық, еңбегіне табыс тілейміз.





