«Баланы үй жағдайында сөйлеуге ынталандыру»

«Баланы үй жағдайында сөйлеуге ынталандыру»

🎗10 — қазан Психикалық денсаулық күніне орай, Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының логопед маманы Кусайнова Венера Рахметоллаевна «Баланы үй жағдайында сөйлеуге ынталандыру» тақырыбында семинар өткізді. Семинар барысында ата-аналар баламен күнделікті қарым-қатынаста сөйлеуді белсендіру, тілдік ортаны байыту және ойын арқылы тіл дамыту тәсілдерімен танысты. 🧩 Мұндай кездесулер ата-аналарға баласының дамуына қолдау көрсетудің маңызын түсінуге және үй жағдайында қарапайым, бірақ тиімді тәсілдерді қолдануға мүмкіндік береді. 💬💛 #психикалықденсаулықкүні #логопед #балатілі #атаанаменжұмыс #коррекция #тілдамыту

🧠 Психикалық денсаулық және еңбек терапиясы 🌱

🧠 Психикалық денсаулық және еңбек терапиясы 🌱

🧠 Психикалық денсаулық және еңбек терапиясы 🌱 10 қазан Психикалық денсаулық күні. Бұл күн — өзімізге, ішкі күйімізге және өмір сапасына назар аударуға арналған еске салу. Психикалық саулық тек ой мен эмоцияға ғана емес, әрекетке де байланысты. Сол себепті еңбек терапиясы (әртүрлі іс-әрекеттер арқылы емдік және түзету жұмысы) — адамның психикалық қалпына оң әсер ететін маңызды бағыттардың бірі. 🪡 Тоқу, сурет салу, пісіру, бау-бақша күту, қолөнер сияқты іс-шаралар: – ойды тыныштандырады; – мазасыздықты азайтады; – өз-өзіне сенімділікті арттырады; – “мен істей алам” деген сезімді қайта оятады. Кішкентай қимыл, аз ғана шығармашылық — жанды емдейтін әрекет. Өйткені еңбек тек нәтиже емес, процесс арқылы да саулық сыйлайды. Сондықтан бүгін өзіңе бір қарапайым, бірақ мағыналы іс жаса: 🌸 тоқып көр, 🌿 гүл отырғыз, 📖 ойыңды жаз, немесе жай ғана бір нәрсені сүйіспеншілікпен істе. Психикалық денсаулық — тек мамандардың емес, әр адамның күнделікті таңдауы.

«Психикалық денсаулық қазіргі қоғамның басты мәселесі»

«Психикалық денсаулық қазіргі қоғамның басты мәселесі»

10 қазан– Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының дәрігер-психиатры Қайролла Саягүл Қайроллақызы 2025ж. 8 қазанда О. Көшеков атындағы Атырау аграрлы- техникалық колледжінің 1 курс студенттеріне «Психикалық денсаулық қазіргі қоғамның басты мәселесі» тақырыбында дәріс өткізді. Кездесу барысында студенттер белсенділікпен қатысып, қызықтыратын сұрақтарына жауап алды. Дәріске қатысқан студенттер саны-25.  

“Психикалық саулық-өмір сүру сапасының көрсеткіші”

“Психикалық саулық-өмір сүру сапасының көрсеткіші”

10 қазан–Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай жасақталған іс-шаралар жоспарына сәйкес Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығы дәрігер-психиатры Қайролла Саягүл Қайроллақызы 2025ж. 7 қазанда Атырау қаласының №42 Н. Балғымбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің 10 сынып оқушыларына “Психикалық саулық-өмір сүру сапасының көрсеткіші” тақырыбында дәріс өткізді. Кездесу барысында оқушылар өздерінің көкейтесті сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Дәріске қатысқан оқушылар саны-85.

ҚР Әділет министрлігі құқықтық ақпаратқа қолжетімділікті арттыру мақсатында жасанды интеллект агентін әзірледі

ҚР Әділет министрлігі құқықтық ақпаратқа қолжетімділікті арттыру мақсатында жасанды интеллект агентін әзірледі

⚖️ҚР Әділет министрлігі құқықтық ақпаратқа қолжетімділікті арттыру мақсатында жасанды интеллект агентін әзірледі. ⚖️ЖИ-агент — цифрлық трансформация шеңберінде азаматтарға құқықтық кеңес беруге арналған жоба. Азаматтар ҚР заңнамасына қатысты сұрақтар мен мәселелері бойынша бастапқы құқықтық кеңес алу мүмкіндігіне ие болды. 👨🏻‍💻Аталған ЖИ-агент «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен «Е-заң көмегі» ақпараттық жүйесінде енгізілді. https://adilet.zan.kz/ https://eup.adilet.gov.kz/

«Суицидтік мінез -құлық белгілері бар кәмелетке толмағандарды анықтаудын және олармен әрі қарай жұмыс істеудін бірынғай алгоритмін, сондай – ақ суицидке әрекет жасаған балаларға көмек көрсету бойынша мемлекеттік органдардың іс – қимыл алгоритмін бекіту туралы»

«Суицидтік мінез -құлық белгілері бар кәмелетке толмағандарды анықтаудын және олармен әрі қарай жұмыс істеудін бірынғай алгоритмін, сондай – ақ суицидке әрекет жасаған балаларға көмек көрсету бойынша мемлекеттік органдардың іс – қимыл алгоритмін бекіту туралы»

2025 жылғы 10 қыркүйекте ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 2 шілдедегі №419 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 4 шілдедегі №170 бірлескен бұйрығы негізінде №42 жалпы орта мектебінде Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының психиатр дәрігері Л.Г.Уралбекова, психолог маманы В.Е.Карсакбаеваның қатысуымен «Суицидтік мінез -құлық белгілері бар кәмелетке толмағандарды анықтаудын және олармен әрі қарай жұмыс істеудін бірынғай алгоритмін, сондай – ақ суицидке әрекет жасаған балаларға көмек көрсету бойынша мемлекеттік органдардың іс – қимыл алгоритмін бекіту туралы» педагогтар мен психологтар және мейіргер мамандар арасында «Кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбында семинар – тренинг өткізілді. Семинар — тренингте педагогтарымен, психологтарымен және мейіргер мамандармен «Жасыл дәліз» жобасының қалай жұмыс істейтінін және жасөспірімдердің суицидтік ойлар немесе дағдарыстық жағдай байқалғанда қолданылатын алгоритмді егжей-тегжейлі түсіндірді. 🔹 Семинар — тренингтің мақсаты – ұстаздардың психологиялық сауаттылығын арттыру, оқушылардың психикалық денсаулығын сақтау, қиын жағдайлардың алдын алу жолдарын түсіндіріп, мұндай кездесулер білім және денсаулық сақтау саласы мамандарының бірлесіп әрекет етуіне, жасөспірімдерге уақытылы көмек көрсетуіне және жастар үшін қауіпсіз әрі қолдаушы орта қалыптастыруға мүмкіндік беретіндігін түсіндіру. Іс – шараға қатысушылар сұрақтар қойып, нақты жағдайлармен бөлісіп өз тәжірибелерімен алмасты.

«Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК

Кдрсихов Елдос Ерсайнұлы