12 мамыр – Халықаралық мейірбикелер күніне орай «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының қолдауымен медицина қызметкерлеріне арналған салтанатты шара ұйымдастырылды.
Мерекелік жиында адам жанының арашасы болып жүрген ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетіліп, олардың қоғам алдындағы елеулі еңбегі ерекше аталып өтті. Шара барысында «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы Бейбіт Мырзағалиев медицина саласы мамандарын кәсіби мерекемен құттықтады.
Денсаулық сақтау жүйесінің дамуына қосқан үлесі мен адал еңбегі үшін Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының мейіргері Утекова Тамара Жасұланқызына Алғыс хат табысталды.

