📌📌📌26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің зансыз айналымына қарсы күрес күніне орай жасақталған іс-шаралар жоспарына сәйкес Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының психиатр-нарколог дәрігері Л.Г.Уралбекова 2026 жылғы 12 мамырда Нұрлан Балгымбаев атындағы № 42 жалпы білім беретін мектебінің жоғары сынып оқушыларымен «Жасөспірім және тәуелділік» тақырыбында кездесу өткізді.
📌📌📌Жасөспірім кезеңі – адамның тұлға болып қалыптасатын маңызды кезеңдерінің бірі. Бұл уақытта жасөспірімдер жаңа ортаға бейімделіп, өзіндік көзқарасын қалыптастырады. Алайда осы кезеңде әртүрлі зиянды әдеттер мен тәуелділіктердің ықпалына түсу қаупі де жоғары болады.
📌📌📌 Тәуелділік – адамның белгілі бір затқа немесе әрекетке шамадан тыс әуестенуі. Оған нашақорлық, темекі шегу, алкогольге тәуелділік, ойынқұмарлық және интернетке тәуелділік жатады. Мұндай әдеттер адамның денсаулығына, психологиялық жағдайына және болашағына кері әсер етеді.
📌📌📌Жасөспірімдерді тәуелділіктен қорғау үшін отбасының қолдауы, дұрыс тәрбие, пайдалы орта және бос уақытты тиімді өткізу маңызды. Спортпен айналысу, кітап оқу, өнерге қызығу – жасөспірімдердің жақсы бағытта дамуына көмектеседі.
📌📌📌Оқушыларға есірткі мен психотроптық заттардың адам денсаулығы мен өміріне тигізетін зияны, қаупі жөнінде кеңінен мәліметтер берілді. Мұндай кездесулер жас ұрпақтың денсаулығын қорғау және есірткіге қарсы күресті күшейту жолында маңызды рөль атқарады.
✅Оқушылар тарапынан бірнеше сұрақтар қойылып, қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.
Дәріске -30 оқушы қатысып керекті мағлұмат алды.
#заңментәртіп
#Салауаттыөмірсалтын_ұстанамыз
#нашақорлыққақарсымыз
#нашақорлыққажолжоқ
#Салауаттыөмірсалтын_ұстанамыз
#денсаулық
#денісауұрпақ
#спорт
#балақауіпсіздігі
#ПсихологиялықҚолдау
#ЖастарДенсаулығы
#ПсихикалықДенсаулық
#ПсихологКеңесі
#ОтбасыТәрбиесі




