📌📌📌Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының психиатр – нарколог дәрігері С.К.Каюпов 2026 жылғы 18-ші наурызда Атырау қаласының №22 Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінің жоғарғы сынып оқушыларымен «Есірткі және алкогольді өнімдерін тұтынудың зияндары мен зардаптары» тақырыбында кездесу өткізді.
📌📌📌 Кездесу барысында дәрігер – нарколог жасөспірімдерге есірткінің түрлері, олардың, әсіресе синтетикалық есірткілердің адам ағзасына келтіретін зияны, нашақорлықтың алдын алу жолдары туралы түсіндірді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.
📌📌📌 Кездесудің басты мақсаты -оқушылардың салауатты өмір салтын ұстануға бейімділігін арттыру, оқушыларға өмір сүру салтын ұстануға және спортпен шұғылдануға шақырады.
♻ Аталған шараға 50 оқушы қатысты.
#заңментәртіп
#Салауаттыөмірсалтын_ұстанамыз
#нашақорлыққақарсымыз
#нашақорлыққажолжоқ
#денсаулық
#денісауұрпақ
#спорт
#балақауіпсіздігі
#ПсихологиялықҚолдау
#ЖастарДенсаулығы
#ПсихикалықДенсаулық
#ПсихологКеңесі
#ОтбасыТәрбиесі






