13 мамырда нашақорлық пен ойынқұмарлықтың алдын алу бойынша шаралар кешені аясында Атырау облысы Әділет департаментінің мемлекеттік қызметкерлерінің қатысуымен Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының дәрігер психиатр-наркологы Т.Ә.Есенгельдин «Нашақорлық пен лудоманияның алдын алу: тиімді шешімдер және өзара тиімді іс-қимыл» тақырыбында кездесу өткізілді.
Кездесу барысында дәрігер – нарколог қызметкерлерге есірткінің түрлері, олардың, әсіресе синтетикалық есірткілердің адам ағзасына келтіретін зияны, нашақорлықтың алдын алу жолдары туралы түсіндірді.
Мемлекеттік қызметкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.
Аталған шараның мақсаты-жастар арасында нашақорлыққа, лудоманияға девиантты мінез-құлық пен сыбайлас жемқорлыққа тұрақты түрде қарсы көзқарас қалыптастыру, азаматтық жауапкершілікті, заңға және қоғамдық ларға құрметті дамыту, сондай-ақ қауіпсіз және әділетті қоғамның негізі ретінде «Заң және тәртіп» қағидатын нығайту.
#Салауатты_өмір_салтын_ұстанамыз
#Салауатты_өмір_салтын_ұстанамыз















