✅«Заң мен тәртіп» іс-шарасы аясында Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығы базасында бірқатар шаралар өткізілді.
2026 жылдың ақпан айында орталықтың бейімдеу және детоксикация бөліміне орта мектептердің жоғары сынып оқушылары мен колледждердің бірінші курс студенттері үшін экскурсиялар ұйымдастырылды. Экскурсия барысында оқушыларға алкоголь мен есірткі заттарының адам ағзасына тигізетін зияны, олардың құқық бұзушылыққа алып келуі мүмкін екендігі, сондай-ақ психоактивті заттарды қолданудың алдын алу шаралары туралы семинарлар өткізілді.
✅✅✅Сонымен қатар, психоактивті заттарды қолдану фактісін анықтау мақсатында медициналық куәландыру жүргізу қағидаттары түсіндіріліп, есірткіге арналған тесттерді қолдану тәсілдері көрсетілді. Оқушылар куәландыру жүргізілетін орынды өз көздерімен көрді.
Кездесу барысында Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының дәрігер-наркологтары оқушылармен әңгіме өткізді. Сондай-ақ Республикалық ғылыми-практикалық психикалық денсаулық орталығы психиатр-нарколог дәрігерлерімен тікелей эфир форматында кездесулер ұйымдастырылды.
✅Жалпы 8 оқу орнынан 414 оқушы қамтылды.
